Оңтүстік Қазақстанның прокурорлары отбасыларымен бірге сайысқа түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура қызметкерлері Астана күні мерекесі қарсаңында отбасылық сайыс ұйымдастырды. «Толағай жанұя» спорттық шарасына 6 жанұялық команда қатысып, сайыстың 8 түрінен сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.  

Оңтүстік Қазақстанның прокурорлары отбасыларымен бірге сайысқа түсті

Жарыстың алғашқы кезеңінде прокуратура қызметкерлері отбасы мүшелерімен бірге қол ұстасып жүгіруден жарысты. Кейіннен барлығы бірге баскетбол ойнап, қапшықпен секірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бәйге отбасындағы ауызбіршілікті арттырады. Сондай-ақ, әріптестер арасында достықты нығайтады.

null

«Сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз, прокуратура қызметкерлері көп уақытын жұмыста өткізеді, жанұясына көп көңіл бөле алмайды. Сол азаматтардың жанұясымен бірге бастарын қосып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырғымыз келді. Жалпы, қатысушылардың жарысқа деген қызығушылығы мен қарқыны мықты. Әсіресе, балалар жағы қызметтен қолы босай бермейтін ата-анасымен ойнап, бір шаттанып қалды»,-дейді облыс прокурорының көмекшісі Жамбыл Ерназаров.

Жарыс қорытындысы бойынша, Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық прокуратурасының командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші және үшінші орындар Абай және Әл-Фараби аудандарының командаларына бұйырды.  Сайыста белсенділік танытып, жүлделі орынға ие болғандар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

null