Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданында Жол картасы аясында су арналары жөнделіп жатыр
КЕНТ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданында Жол картасы аясында 80 жоба жүзеге асырылуда, дейді аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков.
«Бізге барлық жобаға 3 миллиард теңге бөлінді. Оның 1 миллиарды - сонау кеңес дәуірінде салынған, бүгінде жарамсыз болып қалған су арналарын тазалауға және гидранттарды жөндеуге арналған», - дейді Ұ.Сәдібеков.
Сарыағаш ауданының тұрғындарының негізгі кәсібі - егін шаруашылығы. Ауданда көкөністің жылдық өнімі орта есеппен 200 мың тоннаны құрайды. Бұл, суару жүйесінің бұзылуына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы 41 мың гектардың 8 мың гектарының айналымнан шығарып тасталғанына қарамастан.
«Суару жүйесін жөндеу 3 мың гектар суармалы жерді айналымға қайтаруға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде, өнімді тағы 41 мың тоннаға арттырады. Оған қоса, бұл жерлерде 600 адам еңбек ететін, яғни тұрақты еңбекпен қамтылатын болады», дейді әкім.
Жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. «Бұл халықтың әлеуметтік жағдайына да аудан экономикасына да оң әсер етеді - жалпы ішкі өнім 12 пайызға өседі», дейді Ұ.Сәдібеков.