«Оңтүстік» қолбасшылығында үздік әскерилер байқауы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімінде «Үздік взвод сержанты» және «Үздік бөлімше командирі» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 «Оңтүстік» қолбасшылығында үздік әскерилер байқауы өтті  (ФОТО)

Байқауға 14 әскери қызметші қатысты. Байқау мақсаты - сержанттар мен командирлердің әскери-кәсіби тұрғысындағы даярлық деңгейін анықтау. Кәсіби даярлықтарын айқындау үшін әскери-кәсіптік тест, атыс даярлығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, саптық және дене даярлығы, қоян-қолтық ұрыс бойынша сынақ қабылданды.

Байқау қорытындысы бойынша 91678 әскери бөлімінің «Үздік взвод сержанты» атағы 1-ші таулы-егерьлік взводының сержанты аға сержант Сүндетбай Нұрлыбаевқа берілді.

Бөлімше командирлері арасында 1-ші таулы-егерьлік взводының сержанты Жасұлан Әлімбетов үздік атанды.

Қарулы күштердегі мұндай байқаулар ұдайы негізде өткізіліп тұрады.
null null null null null null null null