Оңтүстік Корея әлемдік роботтар чемпионатында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның командасы Лос-Анджелеске жақын жерде өткен DARPA Robotics Challenge ең озық робот жасауға арналған халықаралық байқаудың жүлдегері атанды.

Оңтүстік Корея әлемдік роботтар чемпионатында жеңімпаз атанды

АҚШ қорғаныс министрлігінің қолдауымен өтетін шараның жүлде қоры 3,5 млн долларды құрайды.

DARPA - жаңа технологиялармен айналысатын Пентагон бөлімшесі.

Жарыс сегіз міндетті қамтиды, олардың ішінде көлік жүргізу, қоқыс төгілген жерден өту, сатымен көтерілу бар.

Байқау мақсаты - қауіпті ортада адамдардың орнына жұмыс істей алатын роботтарды жасауға ынталандыру, мысалы, атом стансасында апаттың салдарын жою және т.б., деп хабарлайды Би-би-си.