Оңтүстік Корея әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша өзінің аумағын кеңейтті

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша өзінің аумағын кеңейту туралы мәлімдеді. Осы орайда олар бұл аумаққа Иодо, Марадо және Хондо секілді оңтүстік аралдарды қамтып отыр.

Оңтүстік Корея әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша өзінің аумағын кеңейтті

Айта кетейік, қарашаның аяғында Қытайдың Қорғаныс ведомствосы Шығыс Қытай теңізі айдынында әуе шабуылына қарсы қорғаныстың анықтайтын аумағын құру туралы мәлімдеген болатын.

Сеул мен Бейжің сызған әуе қорғанысы аумағы Оңтүстік Корея қадағалайтын Иодо аралы үстінде қиылысатын көрінеді.

Атап айтқанда АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдері Қытайдың әуе шабуылына қарсы қорғаныс аумағын мойындаудан бас тартты. Олардың пайымынша, аталған аумақтың пайда болуы өңірдегі ахуалды ушықтыруға себеп болды.