Оңтүстік Корея билігі «Севол» иесі жайлы ақпаратқа 500 мың доллар ұсынып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі сәуір айында батып кеткен паром тиесілі кәсіпкер Ю Бен Ынды табуға көмектесетін ақпарат үшін 500 мың доллар ұсынып отыр. Бұл туралы New York Times хабарлады.

Оңтүстік Корея билігі «Севол» иесі жайлы ақпаратқа 500 мың доллар ұсынып отыр

Прокуратура Ю Бен Ын мен ол басшылық ететін компанияның паромды жөндеуге шығынды төлемеуі осы апатқа әкелді деп санайды. Сонымен бірге, оны ақша жымқырып, пара алды және салық төлеуден жалтарды деп айыптап отыр.

Сәуір айының ортасында бортында 476 жолаушысы бар «Севол паромы» Оңтүстік Корея жағалауында аударылып, батып кетті. Оның ішінен тек 174 жолаушы ғана аман қалды.