Оңтүстік Корея экологияны қорғау саласындағы жетістіктерімен бөлісуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі Оңтүстік Кореяның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жанындағы «K-eco» корей экология корпорациясымен және «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері Операторы» ЖШС-мен  ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Оңтүстік Корея экологияны қорғау саласындағы жетістіктерімен бөлісуге дайын

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен  мәлім еткендей, ведомстводан қол қойылған меморандумның мақсаты экологиялық мәселелердің кең ауқымы бойынша тараптар арасындағы ұзақмерзімді өзара ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай атап өткендей, бұл - Қазақстан-Корея достық қарым-қатынастарының оң көрсеткіші. Сондай-ақ «жасыл» технологияларды, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша өзара әрекеттесу үшін бірлескен күш-жігерді біріктіру болып табылады.

Кездесу оңтүстік кореялық әріптестердің жауапты сапары болып табылады. Қазақстан Энергетика министрлігінің өкілдері бастаған қазақстандық делегация биыл Global Green Hub Korea атындағы ірі іс-шараларға қатысты, Кореядағы инфрақұрылым мен қолданбалы технологиялармен танысты. Атап айтқанда, GooUiArrisu су тазарту қондырғысына, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша HamanUnionPark-ке, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барды.
null 

Айта кету керек, Оңтүстік Корея қалдықтарды басқару саласында ауқымды жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибеге ие және сарапшылар бұл саладағы жетістіктерімен (өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) бөлісуге, сондай-ақ Қазақстанда аталған салалардың даму әлеуетін зерттеуге дайындығын растады.

Сапар барысында Оңтүстік Кореяның сарапшылары Қарағанды облысындағы ескі автокөліктерді жою бойынша Орталық Азия аймағындағы жалғыз зауыттың жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, Астанадағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытына барып, салалық ұйымдармен бірқатар кездесулер өткізді.

null