Оңтүстік Корея ҚХА тәжірибесіне қызығушылық танытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-24 қазан аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды.
None
None

Сапар барысында ҚХА делегациясының Ұлттық Ассамблея (Парламент) депутаты Шин Сунг Бом мырзамен және Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Конгук университетінің басшылығымен кездесу болып, онда Сеул қаласында Қазақ мәдениеті мен ынтымақтастығы орталығын құру мәселелері талқыланды.

Тараптар бұл орталықтың Конгук университетінің базасында құрылып, жұмыс істеуі туралы пікір алмасты.

Е.Тоғжанов Шет тілдері университетінің (HUFS, Енъин қаласы) студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамына арнап «Қазақстан халқы Ассамблеясы - бейбітшілік пен достық қызметіндегі 20 жыл» тақырыбында дәріс оқыды.

Е.Тоғжановтың дүниежүзілік «KBS World - Radio» радиосына берген сұхбатында айтылған Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен бірлік моделін ілгерілетудегі ҚХА-ның рөліне корей қауымдастығының қызығушылығын тудырды.

Сапар барысында делегация мүшелері Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының «Сэнури» билеуші партиясынан сайланған Жасмин Ли ханыммен келіссөз жүргізді.

Депутат Қазақстанда этносаралық қатынастарды дамытудағы ҚХА-ның тәжірибесіне, Нұрсұлтан Назарбаев моделінің қалыптасу мен дамуына үлкен қызығушылық танытты. Жасмин Ли ханым ҚХА сияқты ұйым қызметінің ерекшелігін атап көрсете отырып, бірегей тәжірибені Корея Республикасында енгізу қажеттігі туралы пікірін білдірді. Жасмин Ли ханым Қазақстандағы көп этносты қоғам туралы көбірек танып-білуі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов оны Қазақстанға келіп кетуге шақырды.

Сондай-ақ делегация мүшелерінің Кореяда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі болды. Кездесу барысында Кореяның жетекші университеттерінің студенттері мен магистранттары ҚХА қызметі, этномәдени бірлестіктер туралы сұрақтар қойып, өздерінің Кореядағы оқулары мен студенттік өмірлерінде қол жеткізген табыстары туралы айтты.

Корея технологиялар және зерттеулер институтының ҚХА делегациясына арналған таныстырылымы да жемісті форматта өтті. Сапар барысында делегация мүшелері Кореямен өзара құрмет пен сенімге негізделген достық және тату көршілік қатынастарды дамыту бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, екі мемлекеттің бұдан әрі стратегиялық серіктестікте болуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына тағы да көз жеткізді.

Соңғы жаңалықтар