Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы оқ атты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореядан беймәлім нысан ұшып келгеннен кейін, оңтүстік кореялық қарулы күштер КХДР-ға ескерту ретінде оқ атты. Бұл туралы Лента.ру хабарлайды.
Мәлімет көздеріне қарағанда, оңтүстік кореялық қарулы күштер солтүстік жақтан атылған әскери нысанды жергілікті уақыт 16.00-де байқаған. Осыдан кейін зеңбірекпен КХДР-ға қарсы 90 рет оқ атқан. Төтенше оқиғадан кейін шекарада авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Бұдан бұрын, «Ёнхап» Солтүстік Корея Пхенан-Намдо провинциясы Пукчхан ауданынан зымыран ұшырғанын хабарлаған болатын. Бұл КХДР-ның 8-ші сынақ қаруы. Сондай-ақ Корея түбегі 29 сәуірде баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді.