Оңтүстік Корея КХДР-мен шекаралас аралда радарлар орнатады

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Сеул КХДР-ді бақылау үшін шекаралас аралда радарлар орнатады, деп хабарлады Ренхап агенттігі.

Оңтүстік Корея КХДР-мен шекаралас аралда радарлар орнатады

Әскери мәлімет көзінің ақпараты бойынша, Оңтүстік Кореяның билігі Кедондо аралында биылғы жылы алты радар орнату үшін 3,8 миллиард вон (3,6 миллион доллар) көлемінде қаржы бөлген.

Радар түнгі уақытта және ауа райының қолайсыздығы жағдайында да бес шақырым жердегі нысандарды бақылай алады.