15:48, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Оңтүстік Корея мен Корея Халық Демократиялық Республикасы шекара арқылы көлік қозғалысын ашты
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея мен Корея Халық Демократиялық Республикасы шекара арқылы көлік қозғалысын жандандыруда, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясының орыс қызметі.
Елдердің өкіметтері қос Кореяның бітімгершілігінің символы ретінде 2004 жылдың желтоқсанында Кэсонда ашылған бірлескен өндірістік кешен ауданында шекара өткелі арқылы көлік қозғалысын қайта ашты. Бұл өткелдегі қозғалыс 2008 жылдың желтоқсан айында Пхеньянның бастамашылығы бойынша анағұрлым шектелген болатын.