Оңтүстік Корея оппозициясы лаңкестікпен күрес туралы заңды қабылдауға келіспей жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда парламенттегі оппозиция депутаттары лаңкестікпен күрес бойынша заңның қабылдауына кедергі келтіріп жатыр. Оппозиция өкілдері парламентте сөз сөйлеу мүмкіндігін пайдаланып, барынша созып, ұзағырақ сөйлеп, қарсылық танытуда, деп жазды «bbc» агенттігі.
Осылайша, парламент шешім қабылдай алмады. Оппозиционерлердің сөз сөйлеуі алтыншы күнге созылды. Жексенбіге қараған кеште оппозиция депутаттары 115 сағат сөз сөйледі.
Оппозицияның қарыслық танытып отырған басты уәжі: «заң жобасы Оңтүстік Кореядағы адам құқығына қауіп төндіреді» деген пікір. Өйткені, ол елдің барлау қызметіне жеке хабарламалар мен телефон әңгімелерін тыңдауға рұқсат береді.
Ең ұзақ сөз 11 сағат 39 минутқа созылды. Сөз сөйлегендердің кейбіреулері ән айтса, енді біреулері Джордж Оруэллдің «1984 жыл» кітабынан үзінділер оқыды.