10:19, 27 Сәуір 2014 | GMT +5
Оңтүстік Корея премьер-министрі «Севол» кемесінің апатқа ұшырауынан кейін отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүсті Корея премьер-министрі Чон Хон Вон «Севол» кемесінің апатына байланысты оңтүстіккореялық биліктің сынынан соң отставкаға кетті, деп хабарлайды Рейтер.
«Менің бұл қызметте қалуым әкімшілік үшін тым ауыр тиеді», - деген премьер-министрдің баспасөз мәслихатындағы сөзін келтіреді агенттік. Апаттан кейін келесі күні Хон Вон батып кеткен кеме жолаушыларының ата-аналарымен жолықты. Алайда, олар үкімет басшысын сынап, мұны саяси қадам ретінде айыптаған. Кездеcу кезінде көпшілік оған бөтелкелер лақтырып, айғай-шу шығарған. Сондай-ақ апатқа ұшырағандардың туыстары құтқару операциясының барысын сынға алды. Сонымен, бейсенбі күні олар жоғалып кеткен жолаушыларды іздеумен айналысып жатқан жағалау күзетінің кеңсесіне кіріп кетіп, оның бастығының орынбасарын соққыға жықты. Сөйтіп, олар құтқару кемелеріне операция барысын тәулік бойы көрсетіп отыратын камера орнатуды талап еткен.