14:54, 17 Ақпан 2013 | GMT +5
Оңтүстік Корея президенті Лю Кильджэнің кандидатурасын бірігу істері бойынша министр қызметіне ұсынды
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе бірігу істері бойынша министр қызметіне солтүстіккореялық мәселе жөніндегі сарапшы Лю Кильджэнің кандидатурасын ұсынды.

Росбалт агенттігінің хабарлауынша, Лю Кильджэнің кандидатурасын ел парламенті бекітуі тиіс.
Қазіргі кезде Лю Кильджэ - Сеул ұлттық университетінің профессоры.
Пак Кын Хе елдің жаңа министрлер кабинетін қалыптастырумен айналысуда. Өткен жылғы 19 желтоқсанда Мемлекет басшысы сайлауында жеңіске жеткен Пак Кын Хе Оңтүстік Корея тарихындағы алғашы әйел-президент.