Оңтүстік Корея президенті үкімет басшысының отставкаға кетуіне келісімін берді
Айта кетейік, премьер-министр аталмыш кеме апатынан соң үкіметтің әрекеттері қатаң сынға алынғаннан кейін тағынан кетуге шешім қабылдаған. Апатқа ұшырағандардың туыстары билікті іздестіру-құтқару жұмыстарын жеткілікті түрде жүргізбей отырғандықтары үшін айыптаған болатын.
«Севол» кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 475 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Кеме капитаны мен экипаж мүшелерінің басым бөлігін ескергенде, 174 адам аман. Бүгінгі мәліметтер бойынша, паромда болған 187 адамның өлім құшқаны нақтыланып отыр. Тағы 115 адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Прокуратура мен полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан тергеу барысында «Севол» кемесінің операторы болған компанияның қызметінен көптеген заң бұзушылықтар тапқан. Тірі қалған барлық экипаж мүшелерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.