Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Корея президентінің бұрынғы екі көмекшісі тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Пак Кын Хенің екі бұрынғы көмекшісі бопсалау, қызметтік жағдайын асыра пайдалану және құпия деректерді тарату бойынша айыпталуда. Үшінші бұрынғы қызметкер тергеуге шақырылды, деп хабарлайды dw.com.

Оңтүстік Корея президентінің бұрынғы екі көмекшісі тұтқындалды

Оңтүстік Корея прокуратурасы саяси дай-дамайға ұшыраған ел президенті Пак Кын Хенің бұрынғы көмекшілерін тұтқындау туралы ордер берді. Саясатты үйлестіру бойынша бұрынғы жауапты хатшы Ан Чон Бом және президенттің тағы бір көмекшісі Чон Хо Сон қамауға алынды.

Бұрынғы әкімшілік қызметкерлері бопсалау, қызметтік жағдайын асыра пайдалану және құпия деректерді тарату бойынша айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, Пак Кын Хе ешқандай ресми лауазымы жоқ құрбысының ықпалында болған, құрбысы оның сөйлейтін сөзін түзеген, құпия құжаттармен жұмыс істеген және үкіметтік емес ұйымдардың қызметі үшін миллиондаған долларға ие болған.

5 қараша күні Сеулде он мыңдаған адам ереуілге шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етті. Бір күн бұрын Пак Кын Хе болған іс үшін кешірім сұрап, тергеуге көмектесетінін айтып халыққа үндеу жолдады.