Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен арадағы даулы шекара маңында әскери жаттығу жүргізуде
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат -Оңтүстік Кореяның Әскери-теңіз күштері Сары теңізде, Солтүстік Кореямен арадағы даулы шекара маңында жаттығуларын бастады.
Жаттығу барысында оңтүстіккорейлік теңізшілер әлеуетті қарсыластың сүңгуір қайықтарымен күресудің түрлі жолдарын игеретін болады. Әскери-теңіз маневріне Оңтүстік Корея армиясы мен флотының 29 кемесі, 50 ұшағы және 4,5 мың әскери қызметкері қатысатын болады, деп хабарлады РБК агенттігі.
Бұған дейін Корея Халық Демократиялық Республикасы жаттығу басталған жағдайда қарап отырмайтынын мәлім еткен болатын. Пхеньян ол үшін ядролық әлеуетін де қолдануға дайын екенін мәлім етіп, азаматтық кемелерді жаттығу аумағынан алыс болуға шақырды. Сеул, бұл қоқан-лоққыға құлақ асқан жоқ.
Жаттығу наурыз айының аяғында Сары теңізде болған оңтүстіккорейлік «Чхонан» корветінің апатына жауап болып отыр. Ол төтенше оқиғаның салдарынан 46 теңізші қаза тапқан еді. Сеул кемеге Солтүстік Корея шабуыл жасады деп айыптады. Бірақ Пхеньян бұл айыптауды теріске шығарды.