Оңтүстік Кореяда 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Yonhap - Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында бортында жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті

Кеме бортында 22 экипаж мүшесі болған: 14 КХР азаматы және сегіз Мьянма азаматы.
Гонконгта тіркелген Jin Tian кемесі ағаш тасыған. Ол сәрсенбі күні түнде Чеджу аралында Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде батып кетті.Жағалау күзетінің мәліметінше, екі экипаж мүшесі құтқарылған, қалғандары іздестіріліп жатыр.


Фото: Корея жағалау күзеті