Оңтүстік Кореяда 26 миллион тауық пен үйрек жойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда құс тұмауының ушығуына байланысты 26 миллион тауық пен үйрек жойылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Өйткені аталған вирустан соңғы 2 айда 100 мыңнан астам құс қырылған. Алайда бұдан кейін құс етіне баға шарықтап кете ме деген қауіп бар.
Сондықтан билік шетелден жеткізілетін жұмыртқаларға салықты алып тастамақ. Жалпы, елде құс тұмауының бұлай өршуі соңғы рет 2014 жылы тіркелді.