Оңтүстік Кореяда 60-қа жуық автомобиль соқтығысып, 28 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасының Инчхон Халықаралық әуежайының маңындағы көпірде ірі жол көлік апаты орын алды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Оңтүстік Кореяда 60-қа жуық автомобиль соқтығысып, 28 адам зардап шекті

Оңтүстік кореялық Ренхап агенттігінің ақпаратынша, көпірде 60-қа жуық автомобиль соқтығысқан. Оның ішінде мектеп автобусы да бар.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан шамамен 28 адам жапа шекті. Әзірге қаза тапқандар туралы хабар жоқ. Қазіргі уақытта Сеулдан 70 шақырым жерде орналасқан Инчхон әуежайының маңын тұман басты. Ірі апаттың орын алуына бұл да себеп болуы мүмкін.