00:46, 25 Шілде 2015 | GMT +5
Оңтүстік Кореяда АҚШ елшісін өлтірмек болған күдікті тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық құқыққорғау қызметі Корея Республикасындағы америкалық елші Марк Липпертті өлтіремін деп қоқан-лоқы жасаған елдің 33 жастағы азаматын ұстады.
Тұтқындау шарасы Ақ үй әкімшілігіне жолданған хаттан соң шұғыл қолға алынды. Онда америкалық дипломатты өлтіру ниетті туралы көрсетілген.
Полицейлер корея азаматының елшіні қорқытуға қатысы барлығын әшкереледі. Ноутбуктен хаттың алғашқы жазбасы табылды, сондай-ақ оның АҚШ президентінің сайтына кіргені тіркелген. Ұсталған азаматтың жоғары білімі бар, бірақ жұмыссыз, деп хабарлайды planet-today.ru.