Оңтүстік Кореяда аммиакпен жүретін автомобиль жасалды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 28 мамырда Корея энергетикалық зерттеулер институты (KIER) аммиакпен жұмыс жасайтын автомобильді таныстырды, деп хабарлады «Мотор» басылымы оңтүстіккореялық Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Автомобиль (қай өндірушінің моделі пайдаланылғаны нақтыланбаған) тиісінше 70 те 30 пайыз пропорциядағы аммиак пен бензин қоспасымен жүреді. KIER жасаушыларының айтуынша, машина ауаға CO2 шығарындыларының деңгейін 70 процентке азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге аммиак отынның жануы кезінде парниктік газ бөліп шығармайды.

Ғалымдар егер Оңтүстік Кореядағы барлық автомобильдердің 20 пайызына осындай отын құйса, елде зиянды шығарындылар шамамен 15 пайызға немесе жылына 10 миллион тоннаға төмендейді деп пайымдайды.

Институт ғалымдарының айтуынша, аммиак негізіндегі отынға кез келген бензин двигателі жарайды - оны пайдалану үшін отын жүйесіне аздаған жаңартулар жасау қажет. Дегенмен аммиак әзірше жаппай қолдануға қымбатқа түседі. Бірақ та ғалымдар таяу уақыттарда оны өндірудің арзанға түсетін жолдарын ойластырмақ.

Соңғы жаңалықтар