Оңтүстік Кореяда «Армадилло-Т» атты жиналмалы көлік жасалды

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда жиналмалы көлік жасалды, деп хабарлайды 24.kz сайтынан.

Оңтүстік Кореяда «Армадилло-Т» атты жиналмалы көлік жасалды

Оның ұзындығы 3 метрге жуық, ал салмағы бар болғаны 450 келіні ғана болған. «Армадилло-Т» сағатына 60 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүре алады. Батарейлары әр 10 минут сайын қайта қуатталып, қала ішінде 100 шақырымға дейін жүруге толық жетеді. Көліктің басты ерекшелігі - оның смартфон арқылы жинақталуында. Жүргізуші арнайы тетіктерді басса болғаны көліктің артқы бөлігі 90 градусқа көтеріліп, 1,65 метрге дейін кішірейеді.