Оңтүстік Кореяда балық аулаудан «қысқы Олимпиада» өткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхан қаласында ақпанда өтетін қысқы Олимпиада ойындары алдында Оңтүстік Кореяның солтүстігінде, Хвачхон уезінде балық аулаудан өзіндік қысқы Олимпиада өткізілді, деп хабарлайды euronews.
Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен қатысуға немесе көруге 130 мыңнан астам адам жиналған. 60-тан астам бағдарламаның ішіндегі ең бастысы мұз астында балық аулау болды. Олардың ішінде жұртқа таңсық әрі қызықты түрі - бассейнде жалаңаш қолмен балық аулау да бар. Ұстап алған балықты сол жерде пісіріп жеуге де болады. Сондай-ақ фестиваль өткізілетін жерде балыққұмарлар үшін арнайы қақтама әзірленген.