Оңтүстік Кореяда батып кеткен «Севол» кемесі иесінің 72 жасар зайыбы тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның полициясы сәуірдің ортасында батып кеткен «Севол» кемесінің қашып кеткен иесінің зайыбын ұстады, деп хабарлады РИА.

Оңтүстік Кореяда батып кеткен «Севол» кемесі иесінің 72 жасар зайыбы тұтқындалды

Әйел Сеул қаласының маңындағы өз үйінде ұсталды. Полиция 72 жасар Квон Ён Чжа қашып жүрген миллиардер Ю Бен Ынаны іздестіру және тұтқындауға көмектесетін деректерді біледі деп санайды. Оның қайда екенін айтқан адамға үкімет 500 миллон вон (490 мың доллар) сыйақы беруге уәде берді.

Ю Бен Ын бөтен мүлікті пайдаланғаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталуда. Бизнесмен «Севолға» тиесілі «Чонхэчжин» оператор компаниясының акцияларын иемденбеген. Алайда күдікті кәсіпкердің туысқандары «Чонхэчжинді» холдингтік компанияның күрделі желісі арқылы бақылап отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Севол» операторы компаниясының бас директоры Ким Хан-Сикис сот тыңдауы барысында апатқа абайсыздық себеп болды деген айыппен келіспеді.

Прокуратура «Чонхэчжин» компаниясы табысын арттыру үшін жөндеуден кейін кеменің жағдайы мәз емес екенін біле тұра, оған артық жүк артқан. Кейіннен теңізде жүзу заңдарын бұзғаны туралы айып тағылған кеме экипажының мүшелері қаза тапқан жолаушылар жауапкершілігін танудан бас тартқан болатын.