Оңтүстік Кореяда Денис Теннің қатысуымен өтетін шоуға барлық билет жарты сағатта сатылып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат -Оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Ким Ю Наның мұз айдынындағы шоуына барлық билеттер 30 минуттың ішінде саталып кетті, деп хабарлайды спортшының All That Sports агенттігі. Оған Сочи Олимпиадасының қаһармандарының бірі қазақстандық Денис Тен де қатысады.
Сеулде 4-6 мамыр аралығында өтетін шоуға билет сату сейсенбі күні сағат кешкі 7-де басталып, барлық билет сатылып кетуіне байланысты жарты сағаттан кейін жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Денис Тен, сондай-ақ Олимпиада чемпиондары ресейліктер Татьяна Волосожар мен Максим Траньков қатысатын шоу Ким Ю Наның спортпен қош айтысуына арналған.