Оңтүстік Кореяда кеме апатынан қаза тапқандардың саны 46-ға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда кеме апатынан қаза тапқандардың саны 46-ға жетті, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
None
None

Бұған дейін 36 адам қаза тауып, 250-ден астамы із-түзсіз жоғалып кеткендігі жарияланған болатын. Құтқарушылар қызметінің өкілі су астындағы іздеу жұмыстары әлі де жалғаса беретіндігін айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Севол» кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында апатқа ұшыраған болатын . Ал суға батып кеткен кеменің капитаны Ли Чжун Сок қамауға алынды .

Соңғы жаңалықтар