Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы 9 мамырға белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 9 мамыр күні Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Оңтүстік Кореяның ішкі істер министрі Хон Юн Сик Оңтүстік Корея Үкіметі кезектен тыс президент сайлауын 9 мамыр күні өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президент  Пак Кын Хені қызметінен босатуды қолдап, дауыс берді. Араға 10 күн салып, осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Конституциялық сот импичментті  құптады. 

Оңтүстік Корея басшысының айналасындағы дау-жанжал оның мемлекеттік қызметке қатысы жоқ құрбысы Чхве Сун Сильмен байланысты. Бұл оның мемлекеттік саясатқа ықпал ететіндігін білдіреді. Бұдан басқа, Чхве ірі оңтүстіккореялық корпорациялардан қаржы алып, өзінің коммерциялық емес қорларына аударды деген күдікке ілінген.  Прокуратура  президенттің бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар