05:45, 09 Мамыр 2017 | GMT +5
Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы президентінің сайлауы елдің 3,5 сайлау учаскеінде басталды. Ол бүгін жергілікті уақыт бойынша, сағат 20-00-де аяқталады. Ал, сайлаудың қорытындысы 10 мамыр күні жария етіледі, деп хабарлайды ТАСС.

Президнт сайлауы кезектен тыс өтіп жатыр, наурызда конституцилық сот желтоқсан айында бұрынғы президент Пак Кын Хеге жарияланған импичмент шарасын растап, оны биліктен шеттетті.
Соның нәтижесінде жаңа мемлекет басшысының сайлауы өткізілуі тиіс уақыттан 7 ай бұйрын ұйымдастырылып отыр. Сайлаудың кезектен тыс болуын назарға алғанда, жаңа сайланған президент жедел түрде өтпелі кезеңге қарамастан бар билікті қолына алады.