Оңтүстік Кореяда көк тіреген зәулім үй отқа оранды

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореядағы Ульсан қаласында көк тіреген зәулім үй отқа оранды. Өрт салдарынан 88 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда көк тіреген зәулім үй отқа оранды

Агенттіктің мәліметінше, коммерциялық нысандар орналасқан тұрғын үйдегі өрт 8 қазанда шамамен сағат 23:00-де басталған.

Ауруханаға жеткізілгендердің жеңіл жарақат алғандықтары, түтінге уланғандары тіркелген.

Эвакуацияланған тұрғындардың кейбірі отельге уақытша орналастырылды.