Оңтүстік Кореяда коронавирус дертін жұқтырғандар саны 87-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі таяу шығыстық респираторлық синдромды (MERS) жұқтырған тағы 23 адамды анықтады. Осылайша, ауруды жұқтырғандар саны 87-ге жетті, деп хабарлады Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап РБК.
23 фактінің 17-сі Сеулде алғашқы осы вирусты жұқтырған адам тіркелген жедел көмек стансасында анықталды.
Бұдан бұрын Оңтүстік Корея билігі MERS вирусынан 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Таяу шығыстық респираторлық синдром (Middle East Respiratory Syndrome, MERS) - Betacoronavirus текті вирустың жаңа түрі тудырған тыныс алу мүшелерінің қабынып ауруы. Алғаш бұл ауруды жұқтыру жағдайы 2012 жылы Сауд Арабиясында тіркелді. 2015 жылы жазда ауруды жұқтыру фактісі 23 елде - Сауд Арабиясы, Йемен, Біріккен Араб Әмірлігі, Франция, Германия, Италия, Грекия, Тунис, Мысыр, Малайзия, Оңтүстік Корея тәрізді және т.с.с. елдерде тіркелді. 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ауруды 1154 адам жұқтырған, оның 431-і өліммен аяқталған.