Оңтүстік Кореяда коронавирус құрбандарының саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея елінде таяушығыстық респираторлық синдромы (MERS) коронавирусы құрбандарының саны артуда. Бұл дертке шалдыққандар саны 150-ге жетті.

Оңтүстік Кореяда коронавирус құрбандарының саны артты

Ренхап агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, аталмыш ауруды жұқтырған тағы бір адам жексенбі күні көз жұмды. Сөйтіп, бұл елде қауіпті дерттен қайтыс болғандардың жалпы саны 16 адамға жетті.

Таяушығыстық респираторлық синдромы (MERS) коронавирусының ерте кезеңдері ерекше белгілерсіз өтеді. Әзірге бұл дертке қарсы вакцина да, дәрілік заттар да болмауда.