Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың саны рекордтық деңгейге жетті
Тұрғындардың Чхусок мерекесі (Оңтүстік Кореядағы Алғыс айту күні) кезінде жаппай жүруі коронавирустың бүкіл ел бойынша жылдам таралуына себеп болды.
Елдің денсаулық сақтау органдары дүйсенбіден сенбіге дейін болған Чхусок кезінде миллиондаған оңтүстіккореялық азаматтардың туған қалаларына жол тартуынан кейін вирус жұқтырудың күн сайынғы өсімін болжаған еді.
Кореяның Ауруларды қадағалау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметінше, елде СOVID-19 вирусын жұқтырудың 2434 жаңа оқиғасы тіркелген, соның ішінде 2416-cы – жергілікті инфекция жағдайлары. Ауру жұқтыру өсіміне байланысты, елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 295 132 адамға жеткен.
Елде бір күнде коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болғаны хабарланды. Қауіпті індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 2434 адамға жетті.