Оңтүстік Кореяда коронавирустан құрбан болғандар саны 20 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда Таяушығыстық респираторлық синдромы коронавирусынан (ТШРС-КоВ/ MERS) құрбан болғандардың саны 20 адамға жетті, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған Рёнхап агенттігі.

Оңтүстік Кореяда коронавирустан құрбан болғандар саны 20 адамға жетті

Бұған дейін көз жұмған 19 адам мен ауруды жұқтырған 162 адам туралы хабарланған еді.

6,5 мың адамға карантин режімі белгіленген, деп хабарлайды РИА «Новости» .

Дертке шалдыққандардың жартысына жуығыбұлт дертті оның бірінші оқиғалары тіркелген Сеулдің Samsung медициналық орталығында (Seoul Samsung Medical Center) жұқтырып алды. Оның таралуының негізгі себебі - вирустың алғашқы науқастанғандардан дәрігерлер мен аурухана пациенттеріне жұғуын алдын алу шараларының жеткіліксіз болуы. Бұған дейін вирусты бұл медициналық мекеменің жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі де жұқтырып алғаны, бірақ аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына қарамастан өз жұмысын тоқтатпағаны хабарланған.

Ел үкіметі Денсаулық сақтау министрлігінің ауруды жұқтырудың барлық оқиғалары медициналық мекемелерде бірінші науқастанғандарды оқшаулау бойынша уақтылы қабылданбаған шаралардың салдарынан болды деп есептегендіктен, ТШРС-КоВ/MERS вирусын жұқтырып алған адамдар емделген 84 аурухананың тізімін жариялады. Алайда демалыс күндері жұқтырудың медициналық мекемеден тыс жерде болған оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен, бұл індеттің одан да көп таралу қаупін тудырып отыр.

Таяушығыстық респираторлық синдромы (MERS) коронавирусының ерте кезеңдері ерекше белгілерсіз өтеді. Әзірге бұл дертке қарсы вакцина да, дәрілік заттар да болмауда.