Оңтүстік Кореяда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея елінің денсаулық сақтау министрлігі таяушығыстық респираторлық синдромы (MERS) коронавирусынан тағы бір адамның қайтыс болғаны туралы хабарлады, деп ақпараттандырады polit.ru.
Енді, ресми мәліметтерге сәйкес, қайтыс болғандардың жалпы саны он адам болып тұр, ал бұл дертке шалдыққандар саны 126 адамға жетті.
Таяушығыстық респираторлық синдромы (MERS) коронавирусының ерте кезеңдері ерекше белгілерсіз өтеді. Әзірге бұл дертке қарсы вакцина да, дәрілік заттар да болмауда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінше, әлемде бұл вирусты жұқтырып алудың 1218 оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 449 адам мерт болды.