Оңтүстік Кореяда короновирус жұқтырған тағы 12 адам анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрлігі таяушығыстық респираторлық синдромды (MERS) тағы 12 адам жұқтырғанын хабарлады, деп мәлімдеді Би-би-си.
Осылайша, індетті жұқтырғандар саны 138-ге жетті. Бұл аурудан 14 адам көз жұмды.
Індетті жұқтырған адам бастапқыда ерекше белгілер сезе қоймайды. Аталмыш дертке қарсы әзірге вакцина да, дәрі де жоқ. Ең бірінші бұл ауру 2012 жылы Сауд Арабиясында тіркелді.
Emerging Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеуде вирус нар түйе төлінен адамға жұққан болуы мүмкін деп атап өтіледі.