Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өрттен 38 адам қаза тапты

None
None
ИНЧХОН. РЁНХАП. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында құтқарушылар құрылыс алаңында болған өрттің құрбандарын іздеп жатыр. Бұл туралы Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Өрт салдарынан 38 адам қаза болып, 10 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, сәрсенбі күні күндіз Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан Инчхон қаласында салынып жатқан төртқабатты ғимарат өртене бастаған. Жалын бес сағаттан соң сөндірілді. Жергілікті билік өртке құрылыс жұмыстары кезінде уретан жарылуы себеп болған деп санайды.

Көз жұмған 38 адамның көбі - құрылысшылар. Бейсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, жарақат алған сегіз адам ауыр халде жатыр, екі адам жеңіл жарақат алған.

Еске сала кетсек, Инчхонда әлемде DRAM чиптарын шығару бойынша екінші орында тұрған SK hynix Inc. компаниясы, сондай-ақ бөлшек сауданың көптеген қоймалары орналасқан.

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Полиция, өрт күзеті органдары және Ұлттық сот-медициналық қызметі өрттің шығу себебін анықтау үшін бірлескен тергеу бастауды жоспарлауда.

Билік денесі қатты күйіп, қаза болған тоғыз адамның кім екенін анықтау жұмысын бастап кетті.

Адамдардың аты-жөнін анықтау процесі толық аяқталған соң төтенше жағдай кезінде көмек көрсететін қалалық топ өрт құрбандарын еске алу құрметіне мемориалдық ескерткіш орнатпақ.


Соңғы жаңалықтар