Оңтүстік Кореяда MERS коронавирусынан қайтыс болғандардың саны 19 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау және әл-ауқат министрлігі таяушығыстық респираторлық синдромы коронавирусын (ТШРС-КоВ/ MERS), жұқтырып алудың жаңа төрт оқиғасын растады, қаза тапқандардың саны 19 адамға жетті.
Осылайша, қазіргі уақытқа қарай ТШРС-КоВ/ MERS коронавирусын жұқтырудың 154 оқиғасы расталды. 40 пайызға жуық пациенттердің жасы 50-ден аспайды. Науқастардың арасында бір жасөспірім бар, деп хабарлайды РИА Новости.
5,2 мың адамға карантин режимі белгіленген. Вирусты Сеулдегі Samsung медициналық орталығының жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен дәрігері жұқтырып алған, бұл ретте олар аурудың бірінші белгілерінің пайда болуына қарамастан, жұмыстарын тоқтатпаған. Карантин белгіленген адамдардың арасында 20-30 шетелдік азамат бар.
Таяуда Оңтүстік Корея денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вирустың өршуі осы айдың соңына қарай аяқталуы тиіс екенін мәлімдеді.
Таяушығыстық респираторлық синдром (Middle East Respiratory Syndrome, MERS) - Betacoronavirus текті вирустың жаңа түрі тудырған тыныс алу мүшелерінің қабынып ауруы. Алғаш бұл ауруды жұқтыру жағдайы 2012 жылы Сауд Арабиясында тіркелді. Ерте кезеңдері ерекше белгілерсіз өтеді. Әзірге бұл дертке қарсы вакцина да, дәрілік заттар да болмауда. 2015 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша ауруды 1289 адам жұқтырған, оның 455-і өліммен аяқталған.