Оңтүстік Кореяда мүйізді динозаврдың қалдығы табылды

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Палеонтологтар Оңтүстік Кореядан мүйізді динозаврдың қалдығын тапты,

Оңтүстік Кореяда мүйізді динозаврдың қалдығы табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Табылған сүйектер біршама жақсы сақталған. Көптеген сүйектермен қатар палеонтологтар төменгі жақ сүйегін тапқан. Оған жасалған сараптама динозаврдың ықтимал жасын белгілеуге мүмкіндік берді. Кесіртке Жерде 80 миллион жыл бұрын шамасында тіршілік еткен. Олжаны тапқандар табылған динозаврды әлі күнге белгісіз болып келген түріне жатқызады.