Оңтүстік Кореяда пандемия басталғаннан бергі ең көп тәуліктік көрсеткіш тіркелді
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда бейсенбі күні пандемияның басынан бергі ең көп тәуліктік көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.
Ел пандемияның жаңа толқынына дайындық үстінде, билік вируспен күресу үшін қатаң шаралар енгізу мәселесін қарастырып жатыр.
Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) дерегіне сай, елде COVID-19 жұқтырудың жаңа 1 275 жағдайы, сонымен қатар 1 227 жергілікті инфекция тіркелген. Нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 164 028-ге жетті.
Бұл – өткен жылдың 20 қаңтарынан бергі ең көп көрсеткіш. Ол күні елдегі коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталған еді.
Одан бөлек, бірінші рет елдегі вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші қатарынан екі күн 1 200-ден асып тұр.
Қайтыс болғандар саны 2 034-ке дейін көбейді.