Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтар айыппұлды 7 күнде төлеуі керек

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға заңсыз кіргені үшін сот үкімі шыққан қазақстандықтардың жазасы қалай өтелетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: instagram.com/meirman_shekeyev_halyq_zangeri

«Инчхон қаласының аймақтық соты ҚР азаматтарының әрқайсысына 3 млн корей вон көлемінде (1 млн теңгеден астам) айыппұл салу, одан кейін елден депортациялау туралы шешім шығарды. Айыппұлды сот белгілеген мерзімде – 7 күнде төлей алмаған жағдайда, оларға айыппұлды өтеу үшін 30 күн жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі», - деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазақстандық дипломаттар ҚР азаматтарына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсеткен. Олардың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста болған және сот процесіне де қатысқан.

Сонымен бірге, олардың адвокаты Мейіржан Шекеев әлеуметтік желіде айыппұл төлеуге халықтан ақша жинай бастады.

Еске салайық, наурыздың соңында екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз аяқ басқаны туралы хабарлаған едік.

10 сәуір күні Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген жерлестеріміз тергеу изоляторында қамауда отырғаны белгілі болды.

Соттың алғашқы отырысы мамыр айының ортасына жоспарланды.


Соңғы жаңалықтар