14:32, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Оңтүстік Кореяда жауған қар жүздеген үйге зардабын әкелді
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның шығыс жағалауына жауған қалың қар жүздеген үйлерді қиратып тастады.
Би-Би-Си агенттігінің хабарлап отырғанындай, Оңтүстік Корея билігі жергілікті халыққа көмек көрсету үшін аймаққа мың әскер жіберді.
Синоптиктердің болжауынша, соңғы жүз жылда кореялық тұрғындар көрмеген мол қар алдағы уақытта тек күшейе түседі.