Оңтүстік Кореядағы Атом электр стансасында өрт шықты

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Ресми өкілдердің хабарлауынша, сенбі күні өрт салдарынан елдің оңтүстік-шығыс жағалауындағы атом электр стансасында турбина жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы Атом электр стансасында  өрт шықты

Korea Hydro & Nuclear Power Co. мемлекеттік компаниясының деректеріне сай, өрт Сеулдің оңтүстік-шығысына қарай 400 шақырымда орналасқан Ульсандағы Shin-Kori 4 реакторында тұтанған.

Оның дерегінше, тілсіз жау бір сағаттан кейін ауыздықталды, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, радиацияның жылыстануы болмады.

Ядролық қауіпсіздік бойынша комиссия зерттеуді бастады. Оның барысында өрттің нақты себептерін анықтау мақсат етіліп отыр. Комиссия мәліметтеріне сай, АЭС аумағында радиацияның көтерілуі тіркелмеген.

1,4 МВт күші бар «Сингори-4» 2019 жылы қолданысқа берілген.