Оңтүстік Кореядағы кеме зауытында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы Чханвон қаласында кеме жасайтын зауыттың аумағында болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Оңтүстік Кореядағы кеме зауытында жарылыс болды

Ренхап агенттігінің дерегі бойынша, оқиға STX Offshore & Shipbuilding компаниясының салынып жатқан мұнай құятын танкерінде болған.

Жарылыстың себебі анықталуда.

Салынып жатқан танкер биыл қазан айында Грециядағы тапсырыс берушілерге берілу керек еді.