Оңтүстік Кореядағы көлік апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореядағы ірі жол-көлік апаты кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Кореядағы көлік апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

«Оңтүстік Кореядағы жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеді», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні таңертең Корея Республикасының солтүстік-шығысындағы Канвондо провинциясында 16 жолаушысы бар шағын автобус аударылды.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы тоғыз жолаушы жарақат алып ауруханаға жеткізілген, оның үшеуі хал үстінде жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, 16 жолаушының ішіндегі жетеуі шетелдік болған.