Оңтүстік Кореядан келген 10 адам ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядан келген 10 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Кореядан келген 10 адам ауруханаға жатқызылды

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанға 1 млн 736 мың 462 адам келді. Еуразиялық экономикалық одақтан 992 623 адам кірді. Қытайдан 6 қаңтар мен 5 наурыз аралығында 33 124 адам келді», - деді ол.

Оның айтуынша, 1 «А» санатындағы елдерден 20 ақпан мен 6 наурыз аралығында провизиялық стационарларға Қытайдан 366 адам, оның ішінде 81 қазақстандық азаматы, Ираннан - 59, оның ішінде 42 қазақстандық азаматы, Кореядан - - 312, оның ішінде 265 қазақстандық жатқызылды.

«ЖРВИ және тұмау белгілерімен 10 адам ауруханаға жатқызылды. Барлығы Кореядан келген. Зертханалық тексеруден 63 адам өтті. Барлығының сараптамалары жақсы, вирус анықталған жоқ.

1 «Б» санаты бойынша 6 наурызда үй каратиніне 192 адам жатқызылды. Оның 114-і Қазақстан азаматтары. ЖРВИ белгілерімен 7 адам стационарға жатқызылды. Олардың 4-еуі италиялықтар, екеуі Мальтадан және біреуі Жапониядан келген болатын«, - деді Диас Ахметшәріп.