Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарды алдын ала дайындайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяға еңбек ету және біліктілігін арттыруға баратын отандастарымызға аталған елдің заңдылықтары мен тәртібі үйретіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңтүстік Кореяға еңбек етуге баратын қазақстандықтарды алдын ала дайындаймыз. Біріншіден тіл мәселесі. Одан әрі ол елдің заңдылықтары мен тәртібі және өзін-өзі ұстау, жүру-тұру жағын үйретеміз. Осылайша отандастарымыз Оңтүстік Кореяда еңбек етіп немесе біліктілігін көтере алады. Жуырда Үкімет басшысының бірінші орынбасары Р.Скляр бастаған делегация кореялық компаниялар мен зауыттарды елімізде ашу мәселесін талқылап, шешім қабылданды», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда еңбек етіп, қызмет атқаруы мәселесін екіжақты келісім арқылы заңдастыру қаралып жатыр.

Еске салайық, өткен жылғы 1 сәуірден бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады.


Соңғы жаңалықтар
telegram