00:52, 18 Сәуір 2013 | GMT +5
Оңтүстік кореялық рэпер PSY YouTube желісінде тағы да рекорд орнатты
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік кореялық рэпер PSY өзінің «Gentleman» деп аталатын жаңа әнінің бейнебаяны YouTube видеохостингінде рекорд орнатты. Атап айтқанда, ол бір аптадан аз уақыттың ішінде 114,5 млн. көрсетілім жинап үлгерді, деп хабарлайды ВВС-дің орыс қызметі.
Gentleman-ның әлемдік релизі 12 сәуірде болды. Оңтүстік кореялық рэпердің бұның алдындағы хиті Gangnam Style әні YouTube тарихында көрсетілімі ең жоғары ролик ретінде тұғырланып, оны адамдар 1,5 млрд. рет қараған екен.