Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Кореяның әскери ұшағы кемеге қарсы зымыранды абайсызда теңізге түсіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның әскери ұшағы Жапон теңізі үстінен ұшып бара жатып, кемеге қарсы қолданылатын үш «Гарпун» зымыранын торпеда және тереңге тасталатын бомбаларды абайсызда түсіріп алды.

Оңтүстік Кореяның әскери ұшағы кемеге қарсы зымыранды абайсызда теңізге түсіріп алды

Бұл туралы Рёнхап әскерилерге сілтеме жасап хабарлады.

Олардың айтуынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Экипаж мүшелерінің бірі қателесіп, шұғыл қару тастау батырмасын басқан», - деді дереккөз.

Зымырандар елдің шығыс жағалауынан 30 шақырым жердегі суға құлаған.

Оқиға сәтінде зымыран құлаған ауданда бір ғана балық аулайтын қайық жүзіп жүрген.