Оңтүстік Кореяның әскерилері сенбі күні бес қызметтесін өлтірген шекарашыны қоршауға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның әскерилері сенбі күні бес қызметтесін өлтіріп, тағы бесеуін жарақаттаған шекарашы сержантты қоршауға алды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Осының алдында Корея Республикасы Қарулы күштерінің әскерилері бұл сержантпен қарулы қақтығысқа түскен еді. Қарулы қақтығыс КХДР-мен шекарадағы Косон қаласы (Канвондо провинциясы) аудандарының біріндегі бастауыш мектептің маңында болды. Бұл оқиға жайында нақты ақпараттар хабарланбай отыр.
ВВС-дің хабарлауынша, оқиға орнына сарбаздың ата-анасы жеткізіліп, анасы баласының тұтқынға берілуін өтінген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 жасар сержант сенбіде өз қызметтестеріне оқ жаудырды. Нәтижесінде 5 әскери қызметкер қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Осыдан кейін ол оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Әзірге сержанттың бұндай қадамқа неліктен барғандығы белгісіз болып отыр.